$ 445.66  474.58  4.78

Мартин Мюррей Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын

Геннадий Головкиннің  қарсыласы британиялық Мартин Мюррей өз дайындығыны бастап кетті. Бұл туралы Головкиннің Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Боксшылар шаршы алаңда 2015 жылдың 21 ақпанында Монакода кездеседі. Бұл жекпе-жек қос боксшының да карьерасындағы 32 кездесуі болмақ. Қазақстандық боксшы бүгінге дейін жеңілмеген (28 нокаут), ал британиялық боксшы 32 кездесуінің 29-ында жеңіске жеткен (12 нокаут).

Естеріңізге сала кетейік, Головкин 19 қазанда АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінде мексикалық боксшы Марко Антонио Рубионы 2-раундта нокаутпен жеңген болатын. Сөйтіп, орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарында әлем чемпионы белбеуін кезекті рет қорғап қалды, сондай-ақ WBC (Interim) тұжырымындағы уақытша чемпион атағын жеңіп алды

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары