$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда 6 көлік жол апатына ұшырады

27 қараша күні кешкісін Алматыда алты автокөлікке зақым келтірген ірі жол-көлік оқиғасы болды,  деп хабарлайды СТВ телеранасы.

Lexus және Nissan көліктері Шығыс айналма автокөлік жолымен (ШААЖ) шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Белгісіз себептермен Lexus көлігі Nissan-ды соққан. Қатты соққыдан  Nissan оң жаққа қарай ұшып кетеді, ал Lexus сол жақтағы қоршауға ұрынды. Алматыдағы жол-көлік оқиғасы кезінде қоршаудың сынықтары мен оған соғылған көліктің бөлшектері қарама-қарсы бағытқа ұшқан. Сол кезде батыс бағытта Kia, Lada, Audi және Nissan Sunny автокөліктері келе жатты. 

Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің алдыңғы әйнектері мен дөңгелектеріне зақым келді. Audi  жүргізушісінің айтуынша, Lexus-те жүргізуші мен оның жолаушысы болды. Оқиғадан кейін олар жарақат алғанына қарамастан, бұл жерден қашып кеткен.

Зардап шеккендердің бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Nissan жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы орнынан ізін жасырғандарды іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары