$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыда полиция қарақшыны атып жаралады

Қарағандыда бүгін таңертең букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция күдіктілердің бірін тапаншадан атып жаралады.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қаладағы Бұқар жырау даңғылының бойында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарашаның 28-і күні таңертең бетперде киген, тапаншамен қаруланған екі адам басып кірген. Олар күзетші мен кассирді қорқытып, қолда бар ақшаны беруді талап еткен.

«Оқиға кезінде букмекерлік кеңседе полицияның жедел әрекет ету қызметкерлері болған. Полиция қарулы адамдарды ұстау үшін әуелі ескертпе оқ атқанын айтады. Бірақ күдіктілер қашып кетуге әрекет жасаған соң полиция өкілі табельдік қару қолданып, біреуін атып жаралаған. Екінші адам оқиға орнынан қашып кеткен» деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл оқиға бойынша «қарақшылық шабуыл жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары