$ 443.85  474.3  4.8

Елбасы Сирияға кеткендерге назар аударуды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу жайттарына ерекше назар аударуды тапсырды. Әрі халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатеріне қарсы тұруға арналған барлық шараларды қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұртай Әбіқаев Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымының құрамында 300-ден аса Қазақстан азаматы бар, оның жартысына жуығы әйелдер деген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары