$ 444.22  476.38  4.82

Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланады – адвокат

Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов ол Қытайдан экстрадицияланады деген үмітте,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бүгін  есірткі контрабандасы туралы істің тергеуі аяқталғаны белгілі болды.

«Ақжарқынды Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселені қарастыру үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне өтініш жаздық, әзірше жауап болмады. Жақын арада келеді деп күтіп отырмыз, – дейді қорғаушы. – Себебі Қазақстан азаматтарын Қытайдан экстрадициялау туралы халықаралық келісім бекітілмеген. Сондықтан қиындықтар туындауда. Сондай-ақ, қытайлық әріптестеріміз тергеу барысы жайлы толық ақпаратты бермей отыр.  Бір аптадан кейін іс сотқа жіберілуі керек (Гуанчжоуға – Авт.)», – деді Нұрмағамбетов. 

Сұңқар Нұрмағамбетовтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жақсы, денсаулығы көңіл көншітерліктей. Қандай да бір ауру туралы немесе Қытайдың құқық қорғау органдары тарапынан қысым түсіру туралы шағым түспеді. Сонымен бірге, Қытайдың заңына сәйкес, туысқандарымен тергеу кезінде кездесу қарастырылмаған, сондықтан Ақжарқын Тұрлыбай қамалғалы бері ата-анасымен кездеспеген.

Естеріңізге сала кетйік, Ақжарқын Тұрлыбай  көктемде Гуанчжоу қаласында  ұсталған еді. Егерде оның есірткі контрабандасымен айналысқаны дәлелденетін болса, өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары