$ 446.49  475.38  4.79

Колледждердегі қажетсіз пәндерді қысқарту қажет – Б. Сапарбаев

 

Алдағы уақытта еліміздегі арнаулы оқу орындарында «қажетсіз» пәндер қысқарлытуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы  «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» форумында ҚР вице-премьер мнистрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Мамандықтарға қатысты пәндерді оңтайландыру қажет. (...) Мысалы, мектепте 11 жыл оқыған математика, тарих, әдебиет пәндерін дәнекерлеуші немесе құрылысшы мамандығын оқып жатқандарға қажеті қанша? Оның орнына мамандығын игеру үшін қажетті, жұмыс істегенде керек болатын пәндердің санын көбейту қажет. Сондықтан министрлікке – келесі оқу жылы басталғанша мамандықты оқыту үшін керексіз пәндермен қатар оқыту бағдарламасын қайта қарауды тапсырамын», – деді вице-премьер.

Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігі қос мамандықты оқыту жүйесін жетілдіру үшін ең алдымен техникалық және кәсіптік білім берудің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту мен емтихан тапсыруды қарастырмаған мемлекеттік стандарттарын өзгертуі тиіс.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев кәсіптік-техникалық оқу орындары түлектерінің біліктілігін растау мәселесін шешуге тапсырма берді.

«Бізге әрине, біліктілікті арттыратын және бағалайтын орталықтар ашу керек. Бұл туралы барлық кездесуде айтылады, сондықтан уақыт келді», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары