$ 439.43  473.31  4.82

Өңірлерде қарақұмық жармасының бағасы өскен

Елімізде қараша айында азық-түлік бағасы айтарлықтай өзгермеген, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Аталмыш ведомствоның 2014 жылдың 18-25 қарашасы аралығында ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі бөлшек сауда бағаларының айтарлықтай өзгерісін анықтамаған.

«Қарастырылып отырған кезең аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт, бакалея өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ», – делінген хабарламада.

Алайда кейбір азық-түлік бағаларының бағасы өзгерген. Олар: қарақұмық, қызанақ, тәтті бұрыш, қияр секілді көкеніс өнімдері.

Сарапшыларлың пікірінше, Ағымдағы аптада сатушылардың көтерме бағаны ұлғайтуы салдарынан қарақұмық жармасы Қарағандыда 34%-ға 148-ден 198 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 19%-ға 180-нен 215 теңге/кг-ға дейін, Павлодарда 18%-ға 170-тен 200 теңге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 14%-ға 141-ден 161 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 12%-ға 170-тен 190 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. 

Айта кетерлік жайт, қарамұқтың ең арзан бағасы Көкшетауда тіркелген. Мамандардың хабарлауынша,  Көкшетауда қарақұмық жармасы 22%-ға 230-дан 180 теңге/кг-ға дейін арзандаған. Ол жеткізілім мөлшерінің ұлғаюымен және көтерме бағалардың 11%-ға 190-нан 170 теңге/кг-ға дейін арзандауына байланысты екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары