$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде күннен қуат алатын жаңа станция ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында күннен қуат алатын шағын электр станциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Жобаны жүзеге асырған «Ақсу-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерінің айтуынша, станциядағы әрқайсысы 250 ваттық төрт мыңнан аса күн панельдері бір жылда 2 миллион 290 мың КВт қуат өндіреді. Күн панельдері көмегімен алынған қуаттың үштен екі бөлігі кәсіпорынның өз қажетіне, қалған бөлігі қалалық желілерге берілмек.

«Жасыл экономика» бағдарламасының аясында 300 миллион теңгеге салынған жоба өз құнын жеті жылда ақтайды деп жоспарланып отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары