$ 444.22  476.38  4.82

Биыл қосымша 450 судья жұмысқа қабылданған

Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдетуге бағытталған заңнама ертеңнен бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.  

Онда сот қызметін тұрғындарға барынша қолжетімді ету ісі қарастырылған. Мәселен, қарызы бар шағымдар дәлелді қажет етпесе, бір ай ішінде қаралып, тиісті шешім шығарылады. Сонымен қатар, даулы істерді сотқа жеткізбестен, медиация жолымен шешілетін істердің саны көбейтілген. Тіпті, сотқа арыз түсіргеннен кейін тараптар келісімге келіп жатса, онда төленген БАЖ салығы қайтарылады.

Елбасының тапсырмасына сай, судьялар мәртебесін көтеру ісіне де айырықша мән берілді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін қосымша 450 бірлік судья штаты ашылып, 600-ге жуық сот қызметкері жұмысқа қабылданды. Елімізде жаңа 5 сот ғимараты салынған.

«Қазіргі уақытта біз штатты көбейтіп, судьялардың жүктемесін жеңілдетіп, соның арқасында сапаны көтеру жұмысына көп көңіл бөлдік. Бұдан бөлек, судьялардың әлеуметтік мәселелерін шешу туралы тапсырма берілген. Жалақы мәселесін көтеру ендігі жылы қаралмақ», – дейді ҚР Жоғарғы соты департаментінің басшысы, Ілияс Испанов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары