$ 449.58  486.94  4.86

ЕАЭО доллар мен евродан бас тартқалы отыр – БАҚ

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларды жүргізуге тыйым салынуы мүмкін. ЕАЭО аумағындағы төлем жүйелерін дамыту тұжырымдамасы жобасында осындай ұсыныс бар, деп хабарлайды «Известия» газеті Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычевқа сілтеме жасап. 

Мурычевтің айтуынша, бұл тұжырым ұйымға мүше елдер кеңістігінде ортақ төлем жүйесі инфрақұрылымын жасауды қарастырады, бұл ұлттық карточкалар жүйесі сәйкестігін, соның ішінде, Ресейдің төлем карточкалары ұлттық жүйесін, «Белкарт» жүйесін (Беларусь) және Armenian Card жүйесін ескере отырып, төлем жасауға мүмкіндік береді. Құжатта ЕАЭО аумағында доллар мен евро айналымынан бас тарту да ұсынылған. 

«ЕАЭО аумағында бірыңғай төлем жүйесін жасау мультивалюта операциялары жүйесін енгізуге немесе бірыңғай валютаның төлем кеңістігіне жылдам ауысуға әкеліп соғады. Ұйымға мүше елдердің ұлттық банкілері алдына мемлекетаралық төлем айналымынан АҚШ доллары мен евроны алып тастау мәселесін де қою керек», – деді Мурычев. Оның айтуынша, ұлттық валютамен (Ресей рублі, белорус рублі, теңге және драм) есеп айырысуға 2025-2030 жылдарға қарай көшуіміз мүмкін. 

Мурычев доллар мен евродан бас тартқаннан кейінгі қадам ЕАЭО аумағында бірыңғай ұлттық валюта енгізу болуы мүмкін. Ол Еуроодақ ондаған жыл бойы және евро соның барысында 15 жыл ішінде құрылғанын еске салды. 

Федерация Кеңесі ЕАЭО аумағында доллар мен евродан бас тарту идеясын қолдады. "Неліктен біз Армения, Беларусь, Қазақстан елдерімен арадағы тауар айналымына ЕАЭО-ға мүше емес елдерді доллар мен евро түрінде есеп айырысу арқылы енуіне жол беруіміз керек? Доллардың эмиссиясы қазір өте үлкен, Америка экономикасының құлдырау қаупін жоққа шығаруға болмайды, АҚШ-тың сыртқы қарызы өте көп", - деді Федерация Кеңесінің экономикалық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Евгения Тарло. 

Мемлекеттік Думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің төрағасы Наталья Бурыкина ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу мен доллардан және евродан бас тарту бастамасы қисынға келетінін атап өтті, себебі әңгіме ЕАЭО шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресей, Беларусь, Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс істейді. ЕАЭО құру туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойылды. Ал 2014 жылдың соңына дейін ЕАЭО-ға Қырғызстан қосылуды жоспарлап отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары