$ 445.66  474.58  4.78

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазақстан аумағының кей жерлерінде қар-жауын жауып, боран соғады, жел күшеюі мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ұйытқып боран соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 Түнде және таңертең Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді,  Қостанай облысында боран соғады.

Күндіз Маңғыстау,Атырау, Ақтөбе облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. Әрі Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде тұман түсіп, күндіз Алакөл ауданы аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары