$ 446.49  475.38  4.79

Шекарашылар заңсыз тауар айналымының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар жалпы салмағы 4 килограмм болатын күмістен жасалған заттарды заңсыз өткізбек болған азаматтар ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекаралық «Мерке теміржолдық» бақылау-өткізу бекетінің наряды зергерлік заттарды өткізуге тырысқандардың екі оқиғасын тіркеді.

Бірінші жағдайда Қырғызстан азаматы заңды бұзған. Жолсеріктер отыратын купенің ішіндегі үлкен сандықты тексерген кезде, оның түбінен 3 килограмға жуық зергерлік бұйымдар табылды.  Оның ішінде 44 дана жүзік пен 92 дана шығыршықты жүзік болған.  Сынамалы белгісі – 925.

Сондай-ақ, келесі вагоннан да Қырғызстан азаматшасы болып табылатын жолсерік қыз ұсталды. Жолсеріктердің купесін тексеру кезінде олардың жеке заттары қойылатын шкафтың ішінен бір келіге жуық күмістен жасалған білезіктер (27 дана), күмісбаулар (10 дана) және сырға-жүзіктер (51 дана)табылған.

Аталған деректер бойынша Жамбыл облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары