$ 444.22  476.38  4.82

Каспий теңізінен жарты тонна балықты заңсыз аулағандар ұсталды

Өткен демалыс күндері қазақстандық шекарашылар жарты тонна бағалы тұқымды балықты заңсыз аулағандарды  құрықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Евразия» заставасының наряды Дамба елдімекенінің жанынан ағатын Орал өзенінің бойынан еліміздің 4 азаматын ұстауған. Олард «УАЗ»автокөлігінің ішінен салмағы 320 кг болатын бағалы тұқымды балықты заңсыз аулаған.

Тексере келгенде аталған азаматтардың теңізге шығуға рұқсат беретін қағазы болмай шықты. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылды.

Осы күні шекарашылар қамыс арасына әлдекімдердің жасырып кеткен балығын тапқан. Тексеру барысында 89 дана, ал таразыға тартқанда жалпы салмағы 68 килограмм болып шықты, (ақмарқа – 32кг, сазан – 36кг).

Сондай-ақ, шекарашылар  теңіз полициясымен бірлесе отырып қамыс арасын қайта тексерген кезде ол жерден қосымша 126 дана бекіре балығы табылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары