$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда трамвай депосы өртке оранды

Өрт 2 желтоқсан күні шамамен 06.20-да басталды, – деп хабарлайды СТВ телеарнасы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Байтұрсынұлы көшесіндегі трамвай депосы аумағында 2000 шаршы метр жер өртенді. Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 10 тобы келді. Қазіргі уақытта жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Трамвай депосындағы өрттің шығыны анықталып жатыр.  

Айта кетейік, трамвай депосы 1938 жылы салынған. Оның жалпы ауданы – 30,7 шаршы метр. Депо аумағында «АлматыЭлектроТранс» кәсіпорнының орталық кеңсесі орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары