$ 444.22  476.38  4.82

Іздеуде жүрген педофил құрықталды

Алматы облысында біржарым жыл бұрын республикалық іздеу жарияланған педофил ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz  облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2013 жылдың шілдесінде Іле ауданының тұрғынына қатысты «Кәмелетке толмағандарды азғындау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Полицияға бес жасар қыздың анасы арызданған. Ол ауруханаға жату үшін қызын құрбысының үйіне қалдырғанын айтқан. Ауруханадан шыққаннан кейін қыздың жыныстық зорлыққа ұшырағанын байқайды. Кейін ол туралы қыздың өзі айтып берген. Медициналық сараптама қыз баланың зорланбағанын анықтады. Дегенмен әйелдің құрбысының танысы – 27 жастағы ер адам күдікті ретінде қарастырылды.

Ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынғаннан кейін күдікті полициядан ізін жасырған. Оған республика көлемінде іздеу жарияланды. Күдікті біржарым жылдан соң Іле ауданынан ұсталды. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол осы уақыт ішінде еліміздің бірнеше қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары