$ 447.4  477.55  4.76

Солтүстік Қазақстанда ер адам балалардың көзінше күшікті өлтірген

Аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды, Tengrinews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Болған оқиғаны Қызылжар аудандық ІІБ-не Бешкөл ауылының тұрғыны хабарлаған. Әйел күшікті балалардың көзінше қатыгездікпен өлтірген қайын атасына шара қолдануды сұрады. Ол жануарды артқы аяғынан ұстап, кірпіш бағанаға бес рет соққан. 2 айлық күшікті ер адам көшеден тауып алған.

Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, ол күшікті бір апта бойы баққан. Бірақ ағасының үйінде қонақта болғанда күртесінен алып шыққан күшігі оны тістеп алған. Сол кезде күшіктің қожайыны ашуланып, оны өлтіруді ұйғарады.

Қызылжар аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 276-бабы «Жануарларға қатыгездік жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер азамат күшікті өлтіргені үшін айыпты 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі немесе бір жылға дейін түзеу жұмыстарына салынуы, сондай-ақ бас бостандығы бір жылға дейін шектелуі мүмкін.

«Қазіргі таңда тиісті орган тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары