$ 447.4  477.55  4.76

ЕАЭО доллар мен евродан бас тартпайды – Кәсіпкерлер палатасы

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО аясында  доллар мен еуродан бас тартпайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

2014 жылдың 27-28 қараша күндері Қазан қаласында «Еуразиялық интеграция: жетістіктер мен мәселелер» атты форум өткен болатын. Жиын барысында Ұлттық төлем кеңесінің төрағасы, Ресей өндіріс және кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО аясында халықаралық тауар айналымында доллар мен европадан бас тарту мәселесін көтерген болатын.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, ЕАЭО-ның келісім шартында шетел валютасын қолданыстан шығару жоспарда жоқ. Әрі Еуразиялық Экономикалық комиссиясының мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш мәселе бойынша құжаттарда дайындалмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары