$ 446.49  475.38  4.79

Радикалды «Ислам» мемлекеті жетекшісінің әйелі мен ұлы ұсталды

«Радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің әйелі мен ұлын ұстады» деп хабарлайды, «Азаттық радиосы»  Ливан арнайы қызметіне сілтеме жасап.  

Бірақ ресми орындар Бағдадидің әйелігнің аты-жөнін я ұлтын атаған жоқ.

Арнайы қызмет Бағдадидің әйелі мен ұлдарының бірін Ливаннан Сирияға өтіп бара жатқан тұста «шетел барлау қызметтерімен бірлесе отырып тұтқындағанын»  ғана хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары жаз айларында Сирия мен Ирактың көпшілік бөлігін басып алып, жүздеген адамды қырып тастаған. Бұдан соң АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Сирия мен Ирактағы ұйым позицияларына қарсы әуеден соққы бере бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары