$ 448.89  477.93  4.76

Атырау тұрғыны 360 кг сазанды заңсыз аулаған

1 желтоқсанында орман шаруашылығы инспекциясы қызметкерлері Жайық өзенінде мемлекеттік номері жоқ «Урал» мотоцклін тоқтатқан. Мотоциклді тексеру барысында жалпы алмағы 359 кг болатын сазан және қолдануға тыйым салынған аулау құралдары табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Заңсыз балық аулаған азаматты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері балық қорғау шараларын жүргізу барысында ұстаған. Ол Атырау облысының Еркінқала ауылының тұрғыны болып шыққан.

Жинақталған материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары