$ 448.89  477.93  4.76

Қарақшылар букмекер кеңсесіне шабуыл жасады

Атырауда үш жігіт букмекер кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды жергілікті «Ақ Жайық» басылымы.

Оқиға 1 желтоқсанға қараған түні Авангард-2 ықшамауданында болған. Қарақшылар букмекер кеңсесіне медициналық бетперде киіп келіп, қызметкерлерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытады. Күзетшіні ұрып-соғып, кассадан 70 мың теңге мен кассирдің жеке сөмкесінен тағы 20 мың теңге алып кетеді. 

«Бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның патруль жасағы екі күдіктіні – Атыраудың 18 жастағы тұрғыны мен оның Алматы облысында туған құрдасы құрықталды. 18 жастағы Атырау тұрғыны көшеден ұсталды. Оның қалтасынан жеті медициналық бетперде табылды. Ал Алматы облысында туған азамат бесқабатты үйдің подъезінен ұсталды. «Қарақшылық»  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір үшінші күдіктіні ұстау шаралары қолға алынып жатыр», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. 

Басылымның ақпарат көздерінің мәліметінше, екінші күдікті ұсталар алдында ашық тұрған люк арқылы қолындағы ақшаны подъездің шатырына лақтырып жіберген. Кейін полицейлер оны куәгерлердің көмегімен тәркіледі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары