$ 446.49  475.38  4.79

Теміртау тұрғыны құлақсыз қала жаздады

Қарағанды облысының тұрғыны өз көршісінің құлағын кесіп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Bnews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теміртау қаласының тұрғыны Александр Фокинге Нұрлан деген көршісі қалыңдығымен бірге қонаққа келеді. Олар уақытты көңілді өткізбек ниетпен дүкеннен арақ әкеліп, дастарқан жаяды. 

«Сағат кешкі 9-дың кезі болатын, аздап ішімдік ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырған едік. Бір кезде Нұрланның ағасы есікті қақты, ол да бізге қосылды. Мен Нұрланға жоғарыда тұратын көршілердің кішкентай баласы бар екенін, ұйқы бермейсіңдер деп үнемі шағымданатынымды айттым», – дейді А.Фокин. 

Қонаққа келген Нұрланның ағасына бұл сөз ұнамай қалса керек, әп-сәтте жанжал шығады. Көршінің бауыры үй иесін қылқындырып, аяусыз соққыға жыққан. Александрдың аузына шүберек тығып, қолдарын байлап тастайды да, ақша талап етеді, кейін інісі мен оның қалыңдығының көзінше құлағын кесіп алады. 

«Мен ештеңе дей алмадым, аузымды буып қойған, ол менің құлағымды кесіп алды. Содан кейін есімнен танып қалыппын. Бір кезде есімді жинап, олардың «оның шаруасын тындыру керек» деп жатқанын естіп қалдым. Балкон ашық тұрған, бар күшімді жинап, секіріп кеттім. Одан кейінгісі есімде жоқ», – дейді Александр. 

Александр Фокин есін жинаған соң, көршілерін көмекке шақырған: пәтерлердің бірінің есігін қағып, сол жерде жедел жәрдем мен полиция шақырыпты. 

«Көршінің үйіне өзім бардым, содан кейін «жедел жәрдем» келгені, дәрігерлер ауруханада құлағымды тігіп жатқаны есімде. Басқа ештеңе білмеймін», – дейді зардап шегуші. 

Александр Фокиннің қолы сынып, бүйрегіне зақым келіпті, қазір пәтерінде жүрудің өзі қиындаған. 

Оқиға 14 қараша күні болған. Фокиннің туыстарының айтуынша, Александрға шұғыл медициналық көмек керек болғандықтан, полицейлерге шағымдануға уақыты болмаған. 

А.Фокиннің ата-анасы ағайынды көршінің тиісті жазасын беру үшін прокуратураға арызданбақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары