$ 446.49  475.38  4.79

Шекарашылар барымташыларға қару қолданды

Шекарашылар қазақ-қырғыз шекарасында қылмыскерлердің жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз шекара отрядына қарасты «Ақсуат» заставасының наряды шекара бойынан жылқы іздерін анықтап, тез арада іздеу жұмыстарын ұйымдастырады.  

Көп ұзамай Боранды бекетінің маңайынан 12 жылқы мен оларды қуалап жүрген 2 адам ұсталды.

«Нарядты байқап қалған барымташылар қашып құтылуға тырысты. Шекара наряды оларды тоқтату үшін аспанға қаратып екі рет ескерту оғын атқан. Қару қолдану кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Барымташылар мен жылқылар ұсталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары