$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстан азаматы 3,5 центнер құс етін заңсыз өткізбек болған

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды  қазақстан азаматтарын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы Қазақстан азаматы Қытай жерінен 360 кг үйрек етін заңсыз алып өтпек болған.

Аталған дерек бойынша «Қорғастағы» кедендік бақылау бекетінің ветеринарлық-карантиндік қызметі хабарландырылды.

Сонымен қатар, осы күні «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде тағы бір заң бұзу фактісі тіркелді.  37 жастағы Қазақстан азаматы 10000 АҚШ долларын, 103500 теңгені, 1397 юаньды жасырын түрде шекарадан алып өтпек болған.  Ұсталған азамат Қазақстаннан Қытай жеріне рейстік автобуспен кетіп бара жатқан.

Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары