$ 449.58  486.94  4.86

Тапа-тал түсте банкте тұрған азаматты белгісіз біреу тонап кетті (ВИДЕО)

Ақтауда Еуразиялық банктің клиентін белгісіз біреу тонап кеткен, деп хабарлайды BNews.kz.

Қолма-қол ақшамен кассада тұрған клиенттің қолынан белгісіз біреу ақша салынған пакетті жұлып алып, қашып кеткен.

Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскерді құрықтады. Ол 40 жастағы Ақтау тұрғыны болып шықты, бұдан бұрын істі болған екен. Маңғыстау облысы ІІД баспасаөз хатшысы Әлия Шермағамбетованың айтуынша, «ұстау кезінде күдіктіден ірі мөлшерде ақша табылған». Алайда ер адам оны қайдан алғанын мойындаған жоқ. 

«Ақтау қаласы ІІБ қызметкерлері күдіктіні бірнеше сағаттан кейін бірақ ұстады. 1974 жылғы О.есімді ер адам бұрын да сотты болған екен. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 178 бабы 4 бөлімі негізінде қылмыстық іс қозғалды», – деді Ә.Шермағамбетова. 

Айта кетейік, ер адамның ұрлық жасап жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбадан белгісіз біреудің ер адамның қолындағы пакетті қалай жұлып алып кеткені айқын көрінеді

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары