$ 446.49  475.38  4.79

Батыс Қазақстан облысында белгісіз себептермен жануарлар қырылып қалған

«Есенсай» аңшылық шаруашылығының қорықшылары Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Есенсай ауылынан  жабайы шошқаның 11 өлексесін тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға ағымдағы жылдың 30 қарашасында болған. Осыған байланысты  Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ветеринариялық бақылау және қадағалау бөліміне тиісті ақпарат берді. Тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауданға ветеринар мамандары келген», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ауданның құзырлы органдарымен бірлесе аталмыш факті бойынша  арнайы комиссия құрған. Тескеру амалдары жүргізілуде.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары