$ 445.66  474.58  4.78

Депутат адам өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Жаға ұстатарлық жағдай Созақ ауданындағы Созақ ауылында болған. Кешқұрым көлігімен келе жатқан депутат өз ауылдасын байқамай қағып кетеді. Ауыр соққыдан 67 жастағы тұрғын оқиға орнында жан тәсілім етті, деп хабарлайды tv7.kz арнасы.  

«Үшібаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тексеру барысында Созақ аудандық мәслихатының депутаты екені белгілі болды. Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдарын жүргізу барысында депуттатың алкогольдік спирттік ішімдік күйінде басқарғаны анықталған», − дейді ОҚО Созақ ауданы прокурорының көмекшісі Нұржан Садырбай.

Ұсталған азаматтың тек депутат қана емес, білдей педагог екені де белгілі болды. Ол аудандағы №1 колледж директоры қызметін де қоса атқарады екен. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, күдікті қазір 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кепіл ақысын төлеп, үй қамақта отыр. Мұндай жайсыз оқиғадан хабардар аудандық мәслихат хатшысы өзінің әріптесінің басына түскен жағдайды жазатайым болған деп отыр. 

«Үшібаев Марат Исмайылұлы біздің Созақ аудандық мәслихатының депутаты. Созақ ауылдық округінен сайланған. 2012 жылғы жалпы дауыс берумен бүгінгі таңға дейін депутат болып келеді. Бізде мәслихатта екі комиссия бар. Біреуі бюджеттік, екіншісі әлеуметтік. Ол кісі әлеуметтік комиссия мүшесі бізде», – деп түсіндірді ОҚО Созақ аудандық мәслихатының хатшысы Мақсат Исаев.

Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, аталған қылмыс үшін мәслихат депутаты 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  Алғаш рет халық қалаулысы атанған оны депутаттық мандатынан айыру-айырмауды енді сот шешетін болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары