$ 444.32  473.33  4.76

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды

5-8-ші желтоқсан күндері еліміздің басым аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін түнде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ал 7-8 желтоқсан күндері түнде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді. 

Алматы облысында құбылмалы күн райына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Үшарал – Достық» автожолы (83-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. «Алматы – Өскемен» тас жолы (426-558 км, көктайғақ) учаскесінде және «Алматы – Өскемен» автожолы учаскесінің 78-259 км аралығында, Қапшағай бекетінен Талдықорған қаласына дейін жүк көліктері үшін қозғалыс жабылды. 

7 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады, 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 8 желтоқсанда ауа температурасы түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 

Сонымен қатар 6-7 желтоқсан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады, желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Сынап бағанасы 26-31, кей жерлерде 34 градус аязды көрсетеді. Ақтөбе облысында 20-25, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 16-21, кей жерлерде 24, Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 20 градусқа дейін төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары