$ 444.22  476.38  4.82

Көкшетау тұрғыны бір тәулік бойы қызды күштеп ұстаған

Көкшетау қаласында  22 жастағы қыз өзін 16 сағат бойы күштеп ұстаған жас жігіттің үстінен полицияға арыз жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлайынша, 1992 жылы туған бойжеткен полицияға жүгініп, 24 жастағы Көкшетау тұрғынына қатысты шара қолдануды өтінген. Қыздың айтуынша, жас жігіт оны түнгі сағат 01:00-ден күндізгі 17:00-ге дейін күштеп ұстаған. Сондай-ақ қызға дене жарақатын салған. 

«Адамды заңсыз бас бостандығынан айырған күдікті ұсталды. Тексеріс жүріп жатыр», – дейді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Пинчук. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары