$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстандықтарға қарыздарын өтеуге жеңілдік жасалды

2015 жылдан бастапеліміздің азаматтары әуежайларда, темір жол вокзалдары мен автовокзалдарда қарызын өтей алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 64 уәкілетті мемлекеттік органға айыппұл өндіруге құқық берілген. 

«Қарызы бар адамдарды шетел асырмау өзекті мәселе. Осыған байланысты, бір апта бұрын болған жиынға тоқтала кетейін. Жуырда Бас прокурордың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі қаралды», – деді вице-министр.

Сонымен қатар, Бақытжан Әбдірайым азаматтардың қай жер өз қарыздарын өтей алатындығына тоқтала кетті.

«Жалпы, шетелге шығатын азаматтардың қарызын әуежайларда, вокзалдарда өндіріп алу мәселесін шешу үшін қарызы бар азаматтардан электронды түрде төлем қабылдау терминалдарын орнату туралы ұсыныс айтылған. Менің ойымша, бұл өте дұрыс тәжірибе және осындай терминалдарды келесі жылдан бастап орнатуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл тәжірибені енгізерде тиісті органдармен бірге жұмыс істейтін боламыз. Сондықтан, келесі жылдан бастап бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын», – деді Б. Әбдірайым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары