$ 445.66  474.58  4.78

Ақмола облысында әйел адам өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Ақмола облысында өз күйеуін өлтірмек болған әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

5 желтоқсан күні Ақмола облысы ІІД-нің ұйымдасқан қылмықса қарсы бөлімі өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген 1959 жылы туылған Көкшетау тұрғынын құрықтады.

Аталмыш факт бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел  өз күйеуін өлтіруге бел буады. Осы мақсатта ол өз ойын жүзеге асыратын адамды іздейді. Облыстық ІІД тәртіп сақшылары шұғыл әрекет ету барысында, әйел мен қылмысты жүзеге асыратын азаматты ұстады. Айыпталушы өз күйеуінің өлімін 200 000 теңгеге бағалаған екен.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары