Астана әкімдігінде қала басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында жергілікті басқармалардың жұмысы қатаң сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ә. Жақсыбеков аппарат отырысында қала тұрғындарын бей-жай қалдырмайтын ең маңызды және өзекті мәселелерге тоқталды.
«Құқық қорғау органдарының, соның ішінде көші-қон және жол полициясының жұмысына көп ескерту жасалады. Қаладағы жарнама кеңістігі, даңғылдардың және алаңдардың жарықтандырылуы да тиісті деңгейге сай емес. Тиісті қызметтер қаланың эстетикалық келбетімен әлі де жұмыс істеуі керек, − деді қала басшысы.
Ә. Жақсыбеков жергілікті климат жағдайларына бейімделмеген автобус аялдамаларын сынға алды. Оның үстіне, олардың басым бөлігі эстетикалық және архитектуралық нормаларға сай емес.
Сонымен қатар, қала басшысы бірқатар мәселелерді қозғап, тиісті қалалық қызметтер тұрғындардың өтініш-тілектеріне ресми қарайтындарын, жай ғана хат алмасумен айналысатындарын атап өтті. Осыған байланысты Әділбек Жақсыбеков барлық қалалық қызметтердің жұмыстарының тиімділігінің рейтингін енгізуді тапсырды.