Қарағандыда «Балқаш – Қарағанды» тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz Қарағанды облысының ІІД-не сілтеме жасап.
«6 желтоқсан күні «Балқаш – Қарағанды» автожолында, алдын ала нұсқа бойынша, «BMW 530I» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жыраға аударылған. ЖКО салдарынан салонда болған полиция сержанты, ІІД ЖПБ жол-патрульдік полиция батальонының полицейі қайтыс болды», − делінген хабарламада.
Қарағанды облысының ІІД-нің мамандарының хабарлауынша, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.