$ 444.22  476.38  4.82

CRJ-200 ұшағының апатына байланысты тергеу жүргізілуде

Алматы түбінде аталмыш ұшақтың апатқа ұшырауы туралы есептің түпкілікті жобасы ұшақтың осы типін өндіруші мемлекет – Канадаға және ұшақ двигательдерін өндіруші ел – АҚШ-қа жолданды,  деп хабарлайды Skifnews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы түбінде CRJ-200 әуе көлігінің апатқа ұшырауын тергеу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы кезінде түпкілікті есеп беру жобасы жасалды. Жоба ұшақты жасауға қатысы бар елдер – Канада мен АҚШ-қа келісуге жіберілді. 

Жобаны қарастыру мерзімі ресми жолданған уақытынан 60 күннен кем емес.

«Экипаждың екінші айналымға кету үшін қажет болған әрекеттердің бәрін орындамауына байланысты жағдайларды түсіндірудің салдарынан Алматы түбіндегі әуе апатын тергеу өте қиын болды. Бұл жағдайларды ескере отырып, үлкен көлемде қосымша зерттеулер жүргізілді, оның ішінде, кешенді сот-медициналық сараптамасы жасалды, ол экипаж мүшелерінің әрқайсысының әуе көлігі кабинасында болған орындарын және ұшудың шешуші кезеңіндегі олардың еңбекке қабілеттілігін анықтауы тиіс болды», – дейді министрлік өкілдері. 

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері бұрын мәлімдегендей, Алматы түбіндегі әуе апатын тергеудің аяқталғанын тағы бір айта кету керек. Есептің жобасы немесе тергеудің қорытындылары ұшақты жасаушы елдермен келісуге берілді. Тергеудің түпкілікті нәтижелері тараптардың келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін жария етіледі. Канада мен АҚШ өкілдерінен ресми жауап алынбайынша, жобаның жекелеген бөліктері мен жобаны тұтас күйде жариялауға тыйым салынады», – деді министрліктің көлік апаттары мен келеңсіз оқиғаларды тергеу жөніндегі департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов. 

Айта кетейік, тергеуге қатысушылардың келісімінен өткеннен кейін есептің түпкілікті жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында жарияланатын болады және ҚР мүдделі мемлекеттік органдарына жолданады. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы түбіндегі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан Алматыға рейс орындаған Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына жақындаған кезде Қызылту елді мекені аумағына құлап түсті. Экипаждың төрт мүшесі мен 16 жолаушы, оның ішінде, екі жасар бала қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары