$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ жазушысы Махмұд Қашғари атындағы сыйлыққа ие болды

Қазақстандық жазушы Нұрғали Ораз түркі халықтары арасында жарияланған Махмұд Қашғари атындағы сыйлықтың бірінші орнына ие болды, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Қазақстан жазушылар одағы жанындағы «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры Жанарбектің айтуынша, Нұрғали Оразға сыйлық Әзербайжан астанасы Бакуде берілген. Жыл сайын берілетін бұл сыйлықты түркі халықтарының Еуразия жазушылар одағы тағайындаған. Бәйгеге түрік, қазақ, әзербайжан, татар, башқұрт, тува, саха, якут және басқа да халықтардың жазушылары қатысқан.

«Нұрғали Ораз бұған дейін қазақ жазушылары арасында жарияланған бәйгеге де алғашқы орын алған», – дейді Жанарбек Әшімжан.

Айта кетейік, Нұрғали Ораз «Аяқталмаған ертегі», «Даладан қалаға келгендер», «Биіктегі сұлулық», «Түнгі жалғыздық» деп аталатын әңгімелер мен повестер жинағының авторы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары