$ 449.58  486.94  4.86

Астанада жасөспірімдерге «қырындаған» ер азаматқа іздеу салынды

Астана полицейлері көше бойында жасөспірімдерге қырындаған ер азаматқа іздеу салды, деп хабарлайды Bnews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 желтоқсанда сағат 8.00 шамасында 25-30 жас аралығындағы белгісіз ер адам ішімдікке сылқия тойып алып Б. Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылы бойында жанынан өткен жасөспірімдерге тиіскен», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың ата-анасы осы оқиғаға қатысты шағымды кеш түсіргендеріне байланысты аталған азаматты дер кезінде тұтқындау мүмкін болмаған.

«Куәгерлердің сөзі бойынша, күдіктінің автопортреті жасалды. Қазір оны анықтап, ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлайды ведомство қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары