$ 444.22  476.38  4.82

Ресей пойыздары Қазақстанға қатынамайтын болады

«Федералдық жолаушылар компаниясы» ААҚ («Ресей теміржолдары» еншілес кәсіпорны) 14 желтоқсаннан бастап, Украинаға, Қазақстанға, Әзірбайжан мен Тәжікстанға пойыздардың қатынауын тоқтатады. Бұл туралы ФЖК өкілі мәлімдеді,  деп хабарлайды РБК ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресей пойыздар қатынасын тоқтатқанымен, теміржолмен екі араға Украинаның, Қазақстан мен басқа да елдердің пойыздары жүре береді.

«Пойыздарды тоқтату туралы шешім 2014-2015 жылдарға арналған қозғалыс кестесін түзету шеңберінде және бұл бағыттар бойынша тасымалдың аз пайда түсіретіндігіне байланысты қабылданды», − дейді «Ресей теміржолдары» өкілі.

Оның айтуынша, пойыздарды тоқтату туралы шешім кем дегенде бір жылға есептеліп қабылданды. Дегенмен ресми өкілдің айтуынша, «қажет болған жағдайда пойыздар тағайындалуы мүмкін».

«Ресей теміржолдары» өкілі Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Абхазия бағыттарына қатынайтын пойыздардың тоқтатылмайтынын айтты. Яғни Мәскеу – Брест, Мәскеу – Кишинев, Томск – Лениногорск, Челябинск – Ташкент және Орынбор – Ташкент бағыттарында қатынайтын пойыздардың қозғалысы өзгермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары