$ 516.16  584.86  6.25

Қазақстандық ірі көлемдегі қаржыны Қытайға заңсыз өткізбек болған

Қазақ-қытай шекарасында ірі көлемді қаржыны жарияламай, шекарадан алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлайынша, «Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу отрядының наряды Шекаралық сауда орталығына беттеп бара жатқан 45 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Оның қол жүктерін тексерген кезде одан жарияланбаған 37 000 доллар қаржы табылған.

Ұсталған азаматша кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Алдын ала оған Қылмыстық кодекстің 209 бабының 1 бабы бойынша айып тағылып отыр.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары