$ 447.4  477.55  4.76

Астанада пәтер иелері кооперативінің 37 төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорда да аумақты қардан уақытылы және сапалы жинамағаны үшін және басқа дазаң  бұзушылықтарға жол бергені үшін ПИК төрағаларына жалпы соммасы 1 166 760 теңге  айыппұл салынды деп хабарлайды, Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының санитарлық жағдайын жақсарту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ІІД Әкімшілік полиция бөлімшелері жолдар мен орамішілік көшелерді бақылауға алды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жолдардың жүретін бөліктері мен аулаларда жиналып қалған қарды жинау үшін фотоматериалдар жинады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары аудандық әкімдіктерге 637 фотоматериал ұсынған.

Сонымен қатар, Астана қаласының полицейлері ПИК аумақтарына тексеріс жүргізген. Аумақты қардан уақытылы және сапалы жинамағаны, сонымен қатар, басқа да бұзушылықтарға жол бергені үшін 37 ПИК төрағасы жалпы 1 166 760 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары