Қазақ-Өзбек шекарасының қызметкерлері спирт пен түрлі-түсті металды заңсыз алып өтпек болған азаматтың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісай шекара отрядына қарасты «Орынбай» заставасының наряды 50 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, ол 7 центнер спирт өнімдері (барлығы 540 шөлмек, әр шөлмек 1,5 литрден) мен 27 қапқа салынған түрлі-түсті металдарды шекарадан заңсыз алып өтуге тырысты.
Жүк «УАЗ» көлігіне тиеліп, елімізден Өзбекстанға қарай бағытталған. Алайда шекарашылар бұл әрекеттің алдын алды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.