$ 444.22  476.38  4.82

Н.Назарбаев ШЫҰ-ға мүше елдердің басшыларымен кездеседі

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсанда Ақордада бірқатар шетел мемлекеттерінің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтеді.

Мемлекет басшысы 11 желтоқсанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдайды.

14 желтоқсанда ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен кездесулер жоспарланған.

15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше елдердің үкімет басшыларымен кездеседі.

Сондай-ақ осы күні Қазақстан Президенті Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар аясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырады және салтанатты жиынға қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары