$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстанда сатылған автокөліктердің 55,8 пайызы Ресейден жеткізілген

Елімізде сатылған автокөліктердің басым бөлігі Ресейден жеткізілген деп хабарлайды, Skifnews.kz.

«31 арнаның»  хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде 137 мың автокөлік сатылған. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының есептеуінше, бұл көрсеткіш Жаңа жылға дейін әлі өседі. Болжамды түрде көлік дилерлері желтоқсанның 31-не дейін қосымша 35 мың судай жаңа темір тұлпар сатады деп жоспарлануда.

Авто салондар әдеттегідей Жаңа жыл қарсаңында жылы ескіріп бара жатқан көліктерге жеңілдік жасап, жаңаларына қосымша сыйлықтар таратуда. Әрине тегін диагностика мен қысқы дөңгелектер ешкімге артық етпейді. Әсіресе үлкен қалалардың көктайғақ болы тазаланбай жататын көшелерінде. Жалпы, жолда серік болар темір тұлпарды Қазақстаннан алған тиімді ме? Әлде сырттан әкелген жөн бе?

Биылғы жылы қазақстандықтар 170 мың жаңа көлік мінеді деген болжам бар. Сатылған барлық автокөліктердің 55,8 пайызы Ресейден жеткізілген. 5/1 бөлігі Қазақстан зауыттарынан шыққан. Қалғаны Өзбекстан авто өндірісінің еншісінде. Кедендік одақтың Техникалық регламентіне сай келмей Daewoo Nexia, Daewoo Matiz көліктерінің Қазақстанда саудалануына тыйым салынса да, өзге маркалардың 10 мың данасы лезде өтіп кеткен екен.

Десе де рубльдің құнсыздануына байланысты, дәл қазіргі кезде көлікті Қазақстаннан емес, Ресейден алу анағұрлым тиімді болып тұр. Мысалы 2014 жылы шыққан MITSUBISHI Pajero көлігі Қазақстандағы ресми дилерде 48 950 долларға бағаланса, дәл солай жабдықталған көлік Ресейлік Мitsubishi-motors-та 1 659 990 рубльге саудалануда. 1 рубль — 3,54 теңге деп санасақ, 5 миллион 876 мың 365 теңге шығады. Бұл соманы долларға аударсақ 32111 доллармен пара-пар. Яғни айырмашылық бақандай 16 839 долларға тең.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары