$ 442.05  474.14  4.74

Қарағанды әкімінің құрылыс саласы бойынша жаңа орынбасары тағайындалды

Сейсенбі күні Қарағанды әкімінің орынбасары лауазымына  Тайхан Қалмаханов тағайындалды. Ол шаһардың архитектура, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары мәселелеріне жауап беретін болады, деп хабарлайды «Новый вестник» ақпараттық порталы.  

Тайхан Қалмаханов 38 жаста. Оның 3 жоғары білімі бар. 1999 жылы ол бұрынғы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында «режиссер, суретші-мультипликатор» мамандығы бойынша оқуын бітірген. Ал 2007-2008 жылдары Қарағанды Мемлекеттік университетінде бакалавр дәрежесінде «қаржыгер, құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған.

2001 жылы Тайхан Қалмаханов мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Ол  «Қарағанды қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ-де қызмет атқарады. 2005 жылы Қарағанды қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарады.  Кейін 2012 жылы бизнеске кетеді.

Айта кетерлік бір жайт, Тайхан Қалмаханов  президенттің қойған талабын орындамаған үшін қызметтен босатылған болатын. Ол жаңа жыл қарсаңында отбасымен Австрияға демалуға кеткен. Бұл оқиға Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің тұсында болған. Қалмаханов сол кезде жұмыс берушілермен соттасқан да болатын. Алайда, сот жұмыс берушілер оны «заңды түрде жұмыстан босатқан» деген шешім қабылдаған

Естеріңізге сала кетейік,  Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары қызметтегі шенеуніктерге жаңа жылдық мерекелер кезінде шетелге сапарлауға тыйым салған болатын. «Оны өз елінде, өз халқыңмен атап өту керек. Бұл тек алдағы Жаңа жылға емес, жалпы барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты», - деді Мемлекет Басшысы 2011 жылдың 26 желтоқсанында өткен Президент әкімшілігі, Үкімет, «Нұр Отан» ХДП-ның жетекшілігімен болған кеңес барысында.

 

.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары