$ 444.22  476.38  4.82

Футбол ойнап жатқан спортшыға найзағай түсті (ВИДЕО)

Перудің «Спорт Акуилла» (Sport Águila) клубының футболшысына найзағай түсті, деп хабарлайды  Líbero басылымы.  

Оқиға Перу кубогі үшін матчте «Фуэрза Минера» (Fuerza Minera) командасына қарсы ойында болған. Ойынның екінші таймында аяқ асты жаңбыр басталып, күн күркіреген. Бір сәтте найзағай соғып, тура Жоао Контрерастің (Joao Contreras) үстінен түсіпті. 

Ойын сол сәтте тоқтатылды. Ал зардап шеккен ойыншы дереу ауруханаға жеткізілді. Қазір спортшының халі ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының қос аяғын үшінші деңгейлі күйік шалған. 

Басылымның хабарлауынша, найзағайдың ұшқынынан төреші Абраам Лоаиза (Abraham Loayza) мен футболшы Хулио Риос (Julio Ríos) та зардап шегіпті. Олар Контрерастың жанында тұрған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары