$ 494.84  537.4  5.58

Ақтөбе тұрғыны Ақмола облысындағы жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды  «Қазақстан жаңалықтары» облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

«Есіл ауданында жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан бір адам опат болды», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомстова өкілдерінің хабарлауынша, жол апаты Жақсы-Бұзылық тас жолының 64 шақырымында  орын алған. 

«Жол талғамайтын  «Toyota Land Cruiser» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ДАВ» жүк көлігімен соқтығысқан. Бірінші көліктің 1959 жылғы жүргізушісі сол жерде қайтыс болған», – дейді облыстық ІІД-нің мамандары.

Құқық қорғау органдары жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары