$ 498.34  519.72  4.85

2020 жылы Қазақстанда бүкілхалықтық санақ жүргізіледі

Тура үш жылдан кейін еліміздегі халық санының нақты қанша екені анықталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

"2018 жылы жоспар бойынша екі ауданда - Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында пилоттық негізде халық санағы жүргізіледі. Ал, 2020 жылы бұл науқан бүкіл Қазақстанды қамтымақ", - деді ол Астанада өткен баспасөз мәжілісінде.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл жолғы санаққа мектеп мұғалімдері мен бюджеттік мекеме қызметкерлері мәжбүрлі түрде тартылмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те жуырда осындай уәдесін берген болатын.

"Санақ жүргізу үшін арнайы мамандарды жалдайтын боламыз. Олар санақ жүргізумен қатар халықты сауалнамаға тартады", - деді Нұрболат Айдапкелов.

Естеріңізге салайық, соңғы халық санағы Қазақстанда 2009 жылы жүргізілген болатын. Ол кездегі санаққа сәйкес, ел тқрғындарының саны 16 миллионнан сәл ғана асқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары