$ 444.22  476.38  4.82

Санкт-Петербургте теракт жасады деген қырғыз жігітінің ата-анасы тергеуге алынбақ

Санкт-Петербург метросында теракт жасады деп күдіктелген қырғыз азаматының ата-анасын Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ош облыстық басқармасына шақыртқан. Бұл мәліметті комитеттің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов растады деп жазады Centralasian.org.

Оның айтуынша, "тергеу Қырғыз Республикасының заңдарына сәйкес, шұғыл-іздестіру шаралары аясында өтеді". Сулайманов күдіктінің ата-анасынан бөлек, тағы кімдер тергеуге шақырылуы мүмкін екендігі туралы сауалға жауап бермеді.

Қырғыздың арнайы қызметі Петербургтегі жарылыс жасаған делінетін күдікті Қырғызстанда туылғанын растады, бірақ кейін ол Ресей азаматтығын алған.

Петербург метросындағы жарылыс 3 сәуірде "Сенная площадь" және "Технологический институт" станциялары арасында келе жатқан пойыздың вагонында болды. Тағы бір жарылғыш зат "Площадь Восстания" станциясынан табылып, залалсыздандырылған.

Жарылыстан 14 адам қаза тапты, зардап шеккен 49 адам Петербург ауруханаларында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары