$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстанда ер адам мұғалім әйелін мектепте пышақтап өлтірген

4 сәуірде Өзбекстанның Карши қаласы №4 мектебінде қанды оқиға болған. Күйеуі мұғалім әйелін мектепке барып пышақтап, өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, мұғалімдер бөлмесіне баса-көктеп кірген күйеуі 29 жастағы биология пәнінің мұғалімі Мухаббат Кучимоваға пышақ сұққан.

Мухаббат Кучимова бірден жан тапсырған. «Мухаббат кезекшілікте болған. Күйеуі кабинетте жалғыз отырған кезде, жүгіріп барып, бірнеше жеріне пышақ сұққан. Қазір мектепте бәріміз есеңгіреп жүрміз», – дейді қайтыс болған мұғалімнің әріптесі.

Ер адам не себептен мұндай қылмысқа барғаны әлі белгісіз.

Карши қаласы милициясының хабарлауынша, №4 мектепте қылмыс жасаған ер адам жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр.

Дереккөз: Centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары