$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жоғалып кеткен балықшылар Қарағанды облысынан табылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданынының жоғалып кеткен үш тұрғыны Бетпақладан (Қарағанды облысы) табылды. Ауылдастар балық аулауға шығып, содан із-түссіз кеткен болатын.

Төрт тәулікке созылған іздеу шараларынан кейін құтқарушылар балықшыларды Қыземшек ауылынан 200 шақырым қашықтықтан тапты. ОҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғалғандар 1 сәуір күні ауылдан кетіп, содан оралмаған. Оларды іздеуге құтқарушылармен бірге полицейлер және ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, ауыл тұрғындары жұмылған.

20 адамнан құралған құтқарушылар бірнеше топқа бөлініп, 7 автокөлікте Шу өзенінің жағалауында іздеу жұмыстарын жүргізді.

«5 сәуір күні біз балықшыларды таңғы 9-дан бастап іздедік. Құтқарушылар олардың көліктерінің ізіне түсті. Кешке сағат 18:30-да М.Засолин, Д.Скирук және А.Ничаев Қарағанды облысының аумағынан табылды. Бетпақдалаға кеткен автокөліктің жанармайы таусылыпты. Ал, балықшылардың ұялы телефондары сөніп қалған. Соның салдарынан олар ешкіммен байланысқа шыға алмапты. Жағдайлары жақсы, денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ», — дейді ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.

Қазіргі таңда балықшылар неліктен мұндай қадамға барғандарын туған-туыстары мен полицейлерге түсініріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары