$ 449.58  486.94  4.86

Биыл Сенат депуттары 100-ге жуық заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр

Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Мемлекет басшысына Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі мен Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы баяндады. 

Қазақстан Президенті қажетті заңдарды дер кезінде қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. Әрі «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.

Сенат төрағасы Парламенттің жоғарғы палатасы биыл 100-ге жуық заң қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары