$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанда жанармай арзандады

ҚР Энергетика министрі 10.12.2014 жылдан бастап «Мемлекеттік бағаларға реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасының мөлшерлі құнын белгілеу туралы» №193 бұйрығына қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, министр Владимир Школьник шығарған бұйрықта мемлекет бөлшек саудада Аи-92/93 маркалы бензиннің бір литрінің шектік бағасы бағасын 115 теңге, ал дизель отынының бір литрінің шектік бағасын бағасын 107 теңге деп белгіленгені айтылған.

Айта кетейік, жанармайдың үкімет белгілеген бағасы бұйрық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары